https://sputnik.kz/20250204/biyl-astanada-qansha-mektep-paydalanuga-beriledi-50546714.html
Биыл Астанада қанша мектеп пайдалануға беріледі
Биыл Астанада қанша мектеп пайдалануға беріледі
Sputnik Қазақстан
2025 жылы жалпы сыйымдылығы 22 912 орындық 15 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр 04.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-04T19:10+0500
2025-02-04T19:10+0500
2025-02-05T16:11+0500
елорда тынысы
астана
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533926_0:110:1171:769_1920x0_80_0_0_293c8f1eb55429303aef06c3ca716985.jpg
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Астанада халық санының көбеюіне байланысты әлеуметтік нысандарға деген сұраныс пен қажеттілік артып келеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев алдағы уақытта қай ауданда және қанша жаңа нысанның ашылатыны жайлы толығырақ айтып берді.Былтыр елімізде пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті. Салынған мектептердің саны жағынан елорда алдыңғы қатарларда. Өткен жылы Астанада бір ауысымда 33 мыңдай оқушыға арналған 24 мектеп ашылды. Оның көбісі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Аталған жоба бойынша салынған мектептер жаңа оқу жылында 22 400 елордалық оқушыны қабылдады.Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, "Жайлы мектептердің" жетеуі Есіл ауданында, төртеуі Нұра ауданында, үшеуі Алматы ауданында, ал қалған екеуі Сарыарқа ауданында орналасқан.Сонымен қатар бюджеттік инвестициялық жоба бойынша 1 550 орындық 3 мектеп, 3 240 орындық 5 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.Айтуынша, "Жайлы мектеп" жобасы аясында мектеп салу биыл да жалғасады.
https://sputnik.kz/20241220/biyl-zhayly-mektep-zhobasy-ayasynda-41-mektep-paydalanuga-berildi-49427663.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533926_0:0:1171:878_1920x0_80_0_0_3e7c8a28cb6ad03f7a8ef607c6292aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мектеп
Биыл Астанада қанша мектеп пайдалануға беріледі
19:10 04.02.2025 (жаңартылды: 16:11 05.02.2025) 2025 жылы жалпы сыйымдылығы 22 912 орындық 15 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Астанада халық санының көбеюіне байланысты әлеуметтік нысандарға деген сұраныс пен қажеттілік артып келеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев алдағы уақытта қай ауданда және қанша жаңа нысанның ашылатыны жайлы толығырақ айтып берді.
Былтыр елімізде пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті. Салынған мектептердің саны жағынан елорда алдыңғы қатарларда. Өткен жылы Астанада бір ауысымда 33 мыңдай оқушыға арналған 24 мектеп ашылды. Оның көбісі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Аталған жоба бойынша салынған мектептер жаңа оқу жылында 22 400 елордалық оқушыны қабылдады.
Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, "Жайлы мектептердің" жетеуі Есіл ауданында, төртеуі Нұра ауданында, үшеуі Алматы ауданында, ал қалған екеуі Сарыарқа ауданында орналасқан.
Сонымен қатар бюджеттік инвестициялық жоба бойынша 1 550 орындық 3 мектеп, 3 240 орындық 5 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді.
"2025 жылы жалпы сыйымдылығы 22 912 орындық 15 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жалпы саны 14 мың оқушыға арналған 7 білім ордасы ашылады. 4 мектеп Нұра ауданында, 2 мектеп Алматы ауданында, 1 мектеп Байқоңыр ауданында орналасады. Елордадағы жекеменшік мектептер саны да арта түседі. Жеке инвестордың қаржысы есебінен салынатын 4 мектеп жаңа оқу жылында шәкірт қабылдайды. Осылайша бұл мектептерде 6 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. 5172 оқушыға арналған 3 мектеп Есіл ауданында, 1040 оқушыға арналған 1 мектеп Нұра ауданында орналасады", - деді Қасымхан Сенғазиев.
Айтуынша, "Жайлы мектеп" жобасы аясында мектеп салу биыл да жалғасады.