Полиция бір тәулікте үш есірткі зертханасын анықтады

© Photo : КНБ КазахстанаҚостанай облысында анықталған есірткі зертханасы
Қостанай облысында анықталған есірткі зертханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Жазылу
Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлады Polisia.kz.
Осы қағида аясында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды.
"Күдіктілер ұсталды - екі ер адам мен бір әйел. Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.
Подпольная нарколаборатория в Костанайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2025
Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды
Жаңалықтар
0