https://sputnik.kz/20250125/qaragandy-oblysynda-esirtki-zertkhanalarynyn-zhelisi-zhoyyldy-50272369.html
Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды
Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен есірткі және психотроптық заттарды өндірумен және... 25.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-25T14:49+0500
2025-01-25T14:49+0500
2025-01-25T14:49+0500
қарағанды облысы
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/15/49437697_0:280:1280:1000_1920x0_80_0_0_08dea5f6c4494734cb540ee9ab1c099f.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен есірткі және психотроптық заттарды өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.Аталған қылмыстық істің аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысы Асыл ауылында есірткі зертханасы жойылды. Оқиға орнынан 200 келіге жуық есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар табылды. Операция барысында Алматы қаласының тумалары 25 пен 29 жас аралығындағы ерлі-зайыпты ұсталды.Кейінгі жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында есірткі зертханалары желісін ұйымдастырушы - Теміртау қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды. Күдіктіден ноутбук, таразы, күнделіктер және қылмыстық желінің қызметін үйлестіру үшін пайдаланылған 21 ұялы телефон тәркіленді.Тергеу нәтижесінде күдіктінің Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан бес есірткі зертханасын ұйымдастыруға қатысы бар екені анықталды. Олардың ішінде 2024 жылдың 17 қарашасында Қарағанды қаласында жойылған зертхана, онда 10 кг дайын синтетикалық есірткі мен бір тоннадан астам прекурсор тәркіленген, сондай-ақ 2023 жылдың маусым айында Қарағанды облысының Ақтау ауылында жойылған зертхана бар.Барлығы бес адам қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушысын анықтау және олардың заңсыз әрекеттерін тоқтату бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/15/49437697_0:160:1280:1120_1920x0_80_0_0_53472ea79fd8ccd41120825ce3867fd6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, есірткі
қарағанды облысы, есірткі
Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен есірткі және психотроптық заттарды өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды
Polisia.kz. Аталған қылмыстық істің аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысы Асыл ауылында есірткі зертханасы жойылды. Оқиға орнынан 200 келіге жуық есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар табылды. Операция барысында Алматы қаласының тумалары 25 пен 29 жас аралығындағы ерлі-зайыпты ұсталды.
Кейінгі жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында есірткі зертханалары желісін ұйымдастырушы - Теміртау қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды. Күдіктіден ноутбук, таразы, күнделіктер және қылмыстық желінің қызметін үйлестіру үшін пайдаланылған 21 ұялы телефон тәркіленді.
Тергеу нәтижесінде күдіктінің Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан бес есірткі зертханасын ұйымдастыруға қатысы бар екені анықталды. Олардың ішінде 2024 жылдың 17 қарашасында Қарағанды қаласында жойылған зертхана, онда 10 кг дайын синтетикалық есірткі мен бір тоннадан астам прекурсор тәркіленген, сондай-ақ 2023 жылдың маусым айында Қарағанды облысының Ақтау ауылында жойылған зертхана бар.
Барлығы бес адам қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушысын анықтау және олардың заңсыз әрекеттерін тоқтату бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.