https://sputnik.kz/20250204/resey-elshiligi-britandyqtarga-eskertu-zhasady-51678586.html
Ресей елшілігі британдықтарға ескерту жасады
Ресей елшілігі британдықтарға ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Лондондағы Ресей елшілігі Ұлыбритания азаматтарын украиналық әскер қатарына жалдамалы сарбаз ретінде қосылудан сақтандырды, деп... 04.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-04T12:03+0500
2025-02-04T12:03+0500
2025-03-17T15:03+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/old/764/41/7644180_0:51:976:600_1920x0_80_0_0_f002d220128b6f0063ea084c08bba514.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Лондондағы Ресей елшілігі Ұлыбритания азаматтарын украиналық әскер қатарына жалдамалы сарбаз ретінде қосылудан сақтандырды, деп хабарлайды РИА Новости.Бұған дейін Sun газеті Ұлыбританиядан барған 18 жастағы жалдамалы сарбаздың қаза тапқанын жазды. Ол алғашқы "миссия" кезінде ресейлік ұшқышсыз аппараттан көз жұмды."Біз Британия және басқа елдің азаматтарын арнайы әскери операция аймағына бармауға шақырамыз. Ресейдің қарулы күштері Украина азаматтығы жоқ және Украинаның қарулы құрылымдары қатарындағы қолға қару алғандардың бәріне жалдамалы адам деп қарайды. Осылайша, олар 1949 жылы 12 тамызда рәсімделген Женева конвенциясына қосымша хаттама бойынша комбатанттар немесе әскери тұтқындар мәртебесінен айырылады. Ресейдің қарулы күштері оларды заңды нысана деп қарастырады", - делінген елшіліктің ресми хабарламасында.Сондай-ақ, дипмисиия шетелдік сарбаздар тұтқынға түскен жағдайда қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті. Ал Ресей заңнамасы бойынша ондай қылмыстар үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Айта кетері, бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі Киевтің шетелдік жалдамалы әскерді қолданатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Батыстың кейбір елдері Украинаға кадрлық әскерилерін жіберіп отырады. Бірақ олар жалдамалы сарбаз болып соғысады.
https://sputnik.kz/20250125/slovakiya-premer-ministri-ukraina-eshqashan-nato-ga-kirmeydi-50280299.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/764/41/7644180_54:0:922:651_1920x0_80_0_0_ee53ba289f2eddb57c37487b4936492a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Ресей елшілігі британдықтарға ескерту жасады
12:03 04.02.2025 (жаңартылды: 15:03 17.03.2025) АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Лондондағы Ресей елшілігі Ұлыбритания азаматтарын украиналық әскер қатарына жалдамалы сарбаз ретінде қосылудан сақтандырды, деп хабарлайды
РИА Новости. Бұған дейін Sun газеті Ұлыбританиядан барған 18 жастағы жалдамалы сарбаздың қаза тапқанын жазды. Ол алғашқы "миссия" кезінде ресейлік ұшқышсыз аппараттан көз жұмды.
"Біз Британия және басқа елдің азаматтарын арнайы әскери операция аймағына бармауға шақырамыз. Ресейдің қарулы күштері Украина азаматтығы жоқ және Украинаның қарулы құрылымдары қатарындағы қолға қару алғандардың бәріне жалдамалы адам деп қарайды. Осылайша, олар 1949 жылы 12 тамызда рәсімделген Женева конвенциясына қосымша хаттама бойынша комбатанттар немесе әскери тұтқындар мәртебесінен айырылады. Ресейдің қарулы күштері оларды заңды нысана деп қарастырады", - делінген елшіліктің ресми хабарламасында.
Сондай-ақ, дипмисиия шетелдік сарбаздар тұтқынға түскен жағдайда қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті. Ал Ресей заңнамасы бойынша ондай қылмыстар үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетері, бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі Киевтің шетелдік жалдамалы әскерді қолданатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Батыстың кейбір елдері Украинаға кадрлық әскерилерін жіберіп отырады. Бірақ олар жалдамалы сарбаз болып соғысады.