https://sputnik.kz/20250125/slovakiya-premer-ministri-ukraina-eshqashan-nato-ga-kirmeydi-50280299.html
Словакия премьер-министрі: Украина ешқашан НАТО-ға кірмейді
Словакия премьер-министрі: Украина ешқашан НАТО-ға кірмейді
Sputnik Қазақстан
2023 жылдың 14 желтоқсанында өткен ЕО саммиті Украина және Молдовамен Еуропалық Одаққа болашақ мүшелік туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады 25.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-25T20:03+0500
2025-01-25T20:03+0500
2025-01-25T20:03+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
еуропалық одақ
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15881023_0:0:2919:1643_1920x0_80_0_0_19f1c4e0b294c7d62e07e468e0dd3b18.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Украина ешқашан НАТО-ға кірмейді, деп есептейді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.2023 жылдың 14 желтоқсанында өткен ЕО саммиті Украина және Молдовамен Еуропалық Одаққа болашақ мүшелік туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады. 2022 жылдың маусымында ЕО Украина мен Молдоваға ЕО-ға үміткер елдер мәртебесін беріп, қосылу туралы келіссөздерді ресми бастау үшін бірнеше қатаң шарттар қойды. ЕО бұл шешім негізінен Киев пен Кишиневке Мәскеумен қақтығыста қолдау көрсету мақсатындағы символдық сипатта екенін бірнеше рет мойындады.Елдің ЕО-ға үміткер ретіндегі мәртебесі, сондай-ақ келіссөздердің басталуы елдің Еуропалық Одаққа кіруін білдірмейді, сонымен қатар Брюссельді ештеңеге міндеттемейді. Түркия 1999 жылдан бері үміткер және 2005 жылдан бері ЕО-мен мүшелікке "келіссөздер жүргізуде". Дәл осындай келіссөзді Солтүстік Македония 2005 жылдан бері, Черногория 2010 жылдан бері, Сербия 2012 жылдан бері жүргізіп жатыр. Хорватия 2013 жылы ЕО-ға соңғы рет мүше болған ел, бұл процесс 10 жылға созылды.
https://sputnik.kz
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15881023_190:0:2919:2047_1920x0_80_0_0_b0f4aa9f59764304c0c4f23668eac9d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропалық одақ, ресей
Словакия премьер-министрі: Украина ешқашан НАТО-ға кірмейді
2023 жылдың 14 желтоқсанында өткен ЕО саммиті Украина және Молдовамен Еуропалық Одаққа болашақ мүшелік туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Украина ешқашан НАТО-ға кірмейді, деп есептейді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
"Украина ешқашан НАТО-ға кірмейді, ал егер соңғы кездері кейбір саясаткерлердің мәлімдемелеріне құлақ ассақ, Украинаның Еуропалық Одаққа кіруінде де үлкен проблемалар болады", - деді Фицо "Сенбідегі диалогтар" бағдарламасында.
2023 жылдың 14 желтоқсанында өткен ЕО саммиті Украина және Молдовамен Еуропалық Одаққа болашақ мүшелік туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады. 2022 жылдың маусымында ЕО Украина мен Молдоваға ЕО-ға үміткер елдер мәртебесін беріп, қосылу туралы келіссөздерді ресми бастау үшін бірнеше қатаң шарттар қойды. ЕО бұл шешім негізінен Киев пен Кишиневке Мәскеумен қақтығыста қолдау көрсету мақсатындағы символдық сипатта екенін бірнеше рет мойындады.
Елдің ЕО-ға үміткер ретіндегі мәртебесі, сондай-ақ келіссөздердің басталуы елдің Еуропалық Одаққа кіруін білдірмейді, сонымен қатар Брюссельді ештеңеге міндеттемейді. Түркия 1999 жылдан бері үміткер және 2005 жылдан бері ЕО-мен мүшелікке "келіссөздер жүргізуде". Дәл осындай келіссөзді Солтүстік Македония 2005 жылдан бері, Черногория 2010 жылдан бері, Сербия 2012 жылдан бері жүргізіп жатыр. Хорватия 2013 жылы ЕО-ға соңғы рет мүше болған ел, бұл процесс 10 жылға созылды.