Премьер-министр жол сапасы ең нашар облыс әкімінің есебін тыңдады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуЖолдағы шұңқырлар
Жолдағы шұңқырлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Бір шақырым жолды салу құны жоспарланған 33 миллион теңгеден қазіргі таңда 124 миллион теңгені құрап отыр
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Бүгін үкімет отырысында жолдардың сапасы кеңінен қаралды. Ал премьер-министр осы мәселе бойынша алдымен Батыс Қазақстан облысының әкімінен есеп беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Олжас Бектенов облыс әкіміне сөз бермес бұрын аймақтағы жолдың сапасына тоқталды.
"Нариман Төреғалиұлы, сіздерде жолдардың жағдайы әлі де нашар болып отыр. Өзгеріс шамалы… Қандай шаралар атқарып жатырсыздар? Жағдайды қашан жақсартасыздар?", - деді премьер-министр.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, соңғы екі жылда 542 шақырым жол жөнделсе, биыл 177 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.
"Осы жерде қажетті инертті материалдарды өзге облыстардан тасымалдануын және бір шақырым жолды салудың орташа құнының өсуі кері әсерін тигізуде. Яғни, бір шақырым жолды салу құны жоспарланған 33 миллион теңгеден қазіргі таңда 124 миллион теңгені құрап отыр немесе жоспарланған құнынан төрт есе көп. Бұл өз кезегінде нормативтік жолдардың үлесін көтеруге мүмкіндік болмай отыр", - дейді Төреғалиев.
Ал үкімет басшысы облыста жолдардың сапасы жылдан жылға нашарлап бара жатқанын ерекше айтты.
"Жылдан жылға жақсы жолдың үлесі өсуі керек қой, жоғары болуы керек. Ал сіздерде керісінше төмендеп барады. Республикалық бюджетке қарай бермей, жергілікті бюджетте де қаржыландыру көлемі болуы шарт. Шешіңіздер!", - деді Бектенов.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2025
Алматы облысында тұрғындар жол мен жарыққа шағымданып отыр
Жаңалықтар
0