https://sputnik.kz/20250204/almaty-politsiyasy-300-ge-zhuyq-mopedti-resmi-turde-esepke-aldy-50542755.html
Алматы полициясы 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды
Алматы полициясы 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды
Sputnik Қазақстан
5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі 04.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-04T15:40+0500
2025-02-04T15:40+0500
2025-02-04T15:44+0500
полиция
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44286827_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_5d8e1ca326ff83a5d6dcd3f5b85c151f.jpg
АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды, деп хабарлады polisia.kz.Сондай-ақ полиция тіркеуге қажетті құжаттар тізімі көрсетілген ескертпелер таратып жатыр. 2025 жылдың 5 сәуірінде күшіне енетін заңға сәйкес мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі. Ал мопедті тіркеуден өткен және А1 санатындағы куәлігі бар жүргізушілер ғана тізгіндей алады.Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың қазанында Қасым-Жомарт Тоқаев жекелеген көлік құралдары түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес елімізде барлық мопедтер тіркеуден өтіп, иелері жүргізуші куәлігін алуы тиіс.Бұған дейін жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын мопедтер ғана тіркеуден өтуі керек болатын, енді бұл талап барлық мопед жүргізушілеріне ортақ. Ал елімізде қазіргі уақытта есепке қойылмаған 80 мың мопед бар.
https://sputnik.kz/20240730/27-adam-qaza-tapty-bektenov-moped-maselesine-alandaushylyq-bildirdi-45960406.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44286827_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_bf719ce45dcc4da41b1a207c72e044f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция
Алматы полициясы 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды
15:40 04.02.2025 (жаңартылды: 15:44 04.02.2025) 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі
АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды, деп хабарлады
polisia.kz. "Осы көлік түрінің жұмысын ретке келтіру мақсатында 2024 жылы заңға түзетулер енгізілген болатын. Бұдан былай мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және заң талаптарын сақтауға міндеттеледі. Мопед иелері көлігін жеңілдетілген тәртіппен тіркей алады. ҚР ішкі істер министрлігі тіркеуге қажетті құжаттардың тізімін әзірледі, мопедтің жақтауында жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да тіркеу жүзеге асырылады", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.
Сондай-ақ полиция тіркеуге қажетті құжаттар тізімі көрсетілген ескертпелер таратып жатыр. 2025 жылдың 5 сәуірінде күшіне енетін заңға сәйкес мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі. Ал мопедті тіркеуден өткен және А1 санатындағы куәлігі бар жүргізушілер ғана тізгіндей алады.
Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың қазанында Қасым-Жомарт Тоқаев жекелеген көлік құралдары түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.
Жаңа ережеге сәйкес елімізде барлық мопедтер тіркеуден өтіп, иелері жүргізуші куәлігін алуы тиіс.
Бұған дейін жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын мопедтер ғана тіркеуден өтуі керек болатын, енді бұл талап барлық мопед жүргізушілеріне ортақ. Ал елімізде қазіргі уақытта есепке қойылмаған 80 мың мопед бар.