Жаңа мереке: қазақтың тазысы мен төбет күні

© пресс-служба МинэкологииТазы иттердің көрмесі
Тазы иттердің көрмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Бұйрықты Экология министрлігі жариялады
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. 3 қыркүйек Қазақ ит тұқымдарының күні болады.
Бұл бастаманы Экология және табиғи ресурстар министрлігі көтерді. Бұйрық "Ашық НҚА" порталында талқылау үшін орналастырылды.
Тазы мен төбет – қазақтың ит тұқымы және қазақ халқының мақтанышы, деп жазды ведомстводағылар.
"Тазы иттер – аң аулау кезінде адамға таптырмас көмекші болса, төбеттер – ата-бабамыздың мал үйірі мен мүлкінің берік күзетшісі болған. Бұл тұқымдар біздің тарихымызбен байланысты және олардың шығу тегі ғасырларға созылады. Қазақстан территориясынан табылған петроглифтерде ұқсас иттердің бейнелері кездеседі, тазылардың ең көне бейнелері біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ-Х мыңжылдықтарға жатады", - деп жазды министрліктегілер.
Сонымен қатар, Халықаралық кинология федерациясының (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын ресми ит тұқымы деп тану туралы алдын ала шешім қабылдады және Қазақстанның тұқым стандартын ұстаушы мәртебесін бекітті. Бұл шешім тазының халықаралық деңгейде қазақ итінің тұқымы ретінде толық танылуы алдындағы шешуші әрі соңғы кезең болып отыр, деп хабарлады Қазақстан президентінің іс басқармасы.
2022 жылы Тоқаев Президент істері басқармасына қазақ ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде тану мәселесін шешуді тапсырды. Уәкілетті орган – Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі. Соңғы екі жылда елеулі жұмыстар атқарылды: тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді, тазы стандарты бекітілді, ғылыми зерттеулер, тұқымды көрмелер жүргізілді. Бұл ретте тұқымдарды тіркеу (тану) Халықаралық кинологиялық федерацияға толық мүшелігі бар ұлттық кинологиялық ұйымдар арқылы ғана орындалады.
Қазақстан кинологтар одағы еліміздің әр өңірінде ауқымды тұқымдық көрмелер өткізді, иттер кешенді медициналық тексеруден өтті, оның ішінде қазақ тазысы бірегейлігінің бұлтартпас дәлелі болатын маңызды генетикалық зерттеулер жүргізілді.
Экофестиваль прародительницы всех яблок отметили в Жетысу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Қазақстандық ғалымдар тазы тұқымының генетикасын зерттеді
Жаңалықтар
0