Ақтауда бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды

© Sputnik / Владислав ВодневЭлектр жарығы
Электр жарығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2025
Жазылу
Осы жағдайға қатысты Ақтау электр желілері басқармасы түсініктеме берді
АСТАНА, 2 ақпан - Sputnik. Ақтауда 34, 38 және 39 шағын аудандары электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Lada.kz.
Бүгін, 2 ақпанда сағат 10:48 шамасында 34-ші шағын ауданның тұрғындары электр жарығының өшіп қалғанына шағымданды.
"Таңертеңнен бастап электр жарығы өшіп қалды. Бұндай жағдай соңғы кезде жиі қайталанады", -дейді тұрғындар.
Осы жағдайға қатысты Ақтау электр желілері басқармасы түсініктеме берді.
"Қазіргі уақытта Ақтау электр желілері басқармасының бригадасы 34ғ 38, 39-шы шағын аудандарда қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр", - дейді кәсіпорын.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Астаналықтарды жарықсыз қалдырған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0