Астаналықтарды жарықсыз қалдырған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Жазылу
Күдіктілер ұрланған кабельді тазалап, металл қабылдайтын жерге тапсырып үлгеріпті
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Астанада "Бәйтерек" монументі маңайындағы тұрғындарды жарықсыз қалдырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
13 желтоқсанда қаланың сол жағалауында белгісіз біреулер қосалқы станцияның кабелін ұрлап кетті. Соның салдарынан "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый" және "Дипломат" тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Қонаев көшесіндегі екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалды.
Полицейлер кабель ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Төртеуі жерасты құдықтарға түнгі уақытта канализациялық люктар арқылы түсіп жүрген. Күні кеше қаланың сол жағалауында кабель ұрлаған. Оны тазалап, металл қабылдайтын жерге тапсырып үлгеріпті.
"Қабылдау орнын тексеру кезінде тазаланған мыс сымдары бар жеті қап және үш радиостанция тәркіленді. Бұдан бөлек, ұсталған қылмыстық топтың тағы бес ұрлыққа қатысы бар болып шықты. Олар бір трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын да ұрлаған", - дейді тәртіп сақшылары.
Қазіргі кезде барлығы ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі дейінгі тергеу шаралары басталды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2024
Астанада ұрының кесірінен бірнеше тұрғын үй кешені жарықсыз қалды
Жаңалықтар
0