Тоқаев Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

© Photo : АкордаТоқаев Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады
Тоқаев Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз "Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік" деп айтамыз, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.
Президент Токаев принял главу правительства России, находящегося в Казахстане с государственным визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Қазақстан – Ресейдің көршісі әрі одақтасы: Тоқаев Мишустинмен кездесті
Жаңалықтар
0