Шекарада мыңдаған тонна картоп шіріп жатыр: министрлік жағдайды түсіндірді

© Pixabay / CouleurКартофель
Картофель - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Бұған дейін Түркістан облысында кәсіпкерлер он күннен бері картопты көрші Өзбекстанға өткізе алмай, олардың шіріп жатқанын айтқан еді
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Өзбекстанмен шекарада шіріп кеткен мыңдаған тонна картопқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Түркістан облысында кәсіпкерлер он күннен бері картопты көрші Өзбекстанға өткізе алмай, олардың шіріп жатқанын айтқан еді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар заңсыздықтар анықталғандықтан, жүк шекарада қалып қойғанын айтты.
Ведомство мәліметінше, жүк жөнелтушілер жалпы көлемі 2,7 мың тонна картоп партиясына фитосанитариялық сертификаттарды үшінші елдерге көліктің барлық түрімен әкетуге тыйым салғанға дейін алған.
"Алайда "Сарыағаш" станциясында шекарадан өту кезінде жүк жөнелтушілерге бірқатар бұзушылық, оның ішінде картоп құнының айтарлықтай төмендеуіне байланысты сұрақтар туындаған. Құжаттарға сәйкес экспортқа сатылым, картоптың килограммына 40-50 тенгеден белгіленген", – делінген министрлік хабарламасында.
Вагондар мән-жайды анықтағаннан кейін Өзбекстанға жіберілген.
"Құжаттаманы тексергеннен кейін 42 вагон картоп Өзбекстан Республикасының аумағындағы межелі жерге жіберілді. Сондай-ақ, тексеру кезінде кәсіпкерлер тауардың бүліну қаупі төнген жағдайда картопты ішкі нарыққа бәсекелестік бағамен сатуға мүмкіндігі болды. Алайда 10 жүк жөнелтуші де картоптың жай-күйіне қатысты мемлекеттік органдарға шағым түсірмеген", – деп атап өтті министрлік.
Айта кетері, 2025 жылдың 18 қаңтарынан бастап Қазақстаннан көліктің барлық түрлерімен картопты әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынды. Бұл шектеу ЕАЭО елдеріне қолданылмайды.
Овощи на рынке - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
0