https://sputnik.kz/20250120/turkistandagy-shekara-beketterinde-kartop-eksportyna-baqylau-kusheytildi--50147696.html
Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді
Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына... 20.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-20T22:47+0500
2025-01-20T22:47+0500
2025-01-20T22:47+0500
картоп
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945936_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f4ac2306bc6b53ce3d7a1a4e77a3386a.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына енгізілген шектеулер ескертіліп, бақылау күшейтілді, деп хабарадй облыс әкімдігі.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш теміржол станциясында ведоствоаралық мәжіліс өткізіп, штаб міндеттерін белгіледі. "Қазығұрт" кеден бекетінде шекарашылармен кездесіп, қадамдық жоспармен таныстырды. Жалпы өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында "Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 4 309 тонна картоп өнімімен форвартық келісімшарт жасалған. 19 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорының қоймасында 110 тонна, шаруа қожалықтарының қоймасында 3 541 тонна картоп сақтаулы тұр. Бұл қор 3 айға қажеттілікті қамтамасыз етеді."Сауда және интеграция министрлігіне Пәкістан Республикасынан тасымалдауға ерте пісетін картоп өніміне ақпан айынан бастап ар айға 500 тоннадан (4 айға 2000 тн) өтінім берілген. Биылғы болжам бойынша өңірімізде ерте пісетін картоп (мамыр, маусым, шілде) 6 844,4 га орналастырылып, одан 186,3 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Бұл өз кезегінде мамыр айынан бастап өңір тұрғындары мен басқа облыс халқын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
https://sputnik.kz/20250120/astana-akimdigi-kartop-qoryna-qatysty-malimdeme-zhasady-50144513.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945936_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_82ac93a07f9aa707d1969e87b7a9c6fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
картоп, түркістан облысы
Түркістандағы шекара бекеттерінде картоп экспортына бақылау күшейтілді
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына енгізілген шектеулер ескертіліп, бақылау күшейтілді, деп хабарадй облыс әкімдігі.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш теміржол станциясында ведоствоаралық мәжіліс өткізіп, штаб міндеттерін белгіледі. "Қазығұрт" кеден бекетінде шекарашылармен кездесіп, қадамдық жоспармен таныстырды.
Жалпы өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында "Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 4 309 тонна картоп өнімімен форвартық келісімшарт жасалған. 19 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорының қоймасында 110 тонна, шаруа қожалықтарының қоймасында 3 541 тонна картоп сақтаулы тұр. Бұл қор 3 айға қажеттілікті қамтамасыз етеді.
"Сауда және интеграция министрлігіне Пәкістан Республикасынан тасымалдауға ерте пісетін картоп өніміне ақпан айынан бастап ар айға 500 тоннадан (4 айға 2000 тн) өтінім берілген. Биылғы болжам бойынша өңірімізде ерте пісетін картоп (мамыр, маусым, шілде) 6 844,4 га орналастырылып, одан 186,3 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Бұл өз кезегінде мамыр айынан бастап өңір тұрғындары мен басқа облыс халқын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.