https://sputnik.kz/20250131/qurylysy-5-zhyl-buryn-toqtap-qalgan-qyzylorda-su-torabyn-zhangyrtu-zhobasy-ayaqtaldy-50437969.html
Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
Sputnik Қазақстан
Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді 31.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-31T08:41+0500
2025-01-31T08:41+0500
2025-01-31T09:19+0500
су
су деңгейі
ағын су
қызылорда
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50437406_0:80:1021:654_1920x0_80_0_0_f1db58ba09032a5304eb3a871181b48b.jpg.webp
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Ведомствоның мәліметінше, нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.
https://sputnik.kz/20250129/zhyl-sonyna-deyin-su-resurstary-boyynsha-aqparattyq-zhuye-azirlenedi-50370557.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50437406_34:0:942:681_1920x0_80_0_0_681196bc5c1e8828f7aa563842c0cc9c.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, су деңгейі, ағын су, қызылорда
су, су деңгейі, ағын су, қызылорда
Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
08:41 31.01.2025 (жаңартылды: 09:19 31.01.2025) Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.
Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.
Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.
"Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды",- деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.