Параны ұсыну оны бергенмен бірдей – антикор жаңа норманы түсіндірді

© SputnikДеньги, взятка, коррупция
Деньги, взятка, коррупция - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Пара ұсынғаны және пара беруге уәде еткені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланған
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров параны ұсыну және оны беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілетін өзгерістер таныстырылған болатын. Соның аясында пара ұсынғаны және пара беруге уәде еткені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланған.
Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, бұдан былай берген уақыттан бастап емес, оны ұсынған немесе беруге уәде еткеннен бастап қылмыстық жазаны енгізу ұсынылып отыр.

"Мәселен, бір адам көлік жүргізу куәлігін алуға емтихан тапсырайын деп жатыр. Сол кезде тест тапсырмай-ақ қояйншы немесе басқа бір көмек сұрауы мүмкін, я болмаса, кәсіпкер бір лицензияны заңсыз алғысы келеді. Соны беретін мемлекеттік қызметшіге келіп, параны ұсынады, мәселені ақшамен шешуді ұсынады. Ондай жағдайда параны ұсынған сәттен бастап қылмыстық жауапкершілікті енгізу жоспарланып отыр. Заң қабылданса, солай болады", - деді Бегайдаров бүгінгі брифингте.

Параны ұсынғаны үшін қылмыстық жаза параны берумен бірдей болады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексте 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Пара беруге уәде еткендер де қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
Жаңалықтар
0