Пара беруге уәде еткендер де қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
Ұлан Сарқұловтың айтуынша, бұл мәселе 16 жылдан бері күн тәртібінде тұр
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара беруге уәде ету және параны ұсыну әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілетін өзгерістер таныстырылды. Заң жобасының негізгі бастамаларының бірі – пара ұсынғаны және пара беруге уәде еткені үшін қылмыстық жаза енгізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, бұл мәселе 16 жылдан бері күн тәртібінде тұр. Осы орайда алыс және жақын шет елдердің халықаралық тәжірибесі мұқият зерделенді. Мәселен, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Литва, Молдова, Украина мен Эстония заңнамасында тиісті норма бар.
"Мұндай қылмыстар бойынша шетелдегі сот-тергеу практикасы минималды, жекелеген жағдайлар ғана анықталады. Бірақ осы сияқты баптың болу фактісі тіпті пара туралы әңгіменің өзі қолайсыз болатындай тәртіпке келтіреді және тиісті мәдениетті қалыптастырады. Пара туралы уағдаластықты аяқталған қылмыс деп тану айқын профилактикалық әсерге ие болады",-деді Сарқұлов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, заң жобасында тағы бір маңызды түзету бар. Ол – ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімін ашық жариялау.
Заседание мажилиса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жемқорлық үшін сотталғандардың тізімі жарияланады – заң жобасы таныстырылды
Жаңалықтар
0