Тоқаев АҚШ-тағы ұшақ апатына байланысты Трампқа көңіл айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Токаев и Трамп телеграмма
Токаев и Трамп телеграмма - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Токаев и Трамп телеграмма
Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Айта кетері, әскери тікұшақ Вашингтондағы әуежай маңында жолаушылар ұшағына соқтығысты. Соқтығысу салдарынан ұшақ Потомак өзеніне құлаған.
CNN мәліметтері бойынша, ұшақта 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.
АҚШ-тағы ұшақ апаты: Вашингтон маңында жолаушылар қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
АҚШ-тағы ұшақ апаты: Вашингтон маңында жолаушылар қаза тапты
Жаңалықтар
0