АҚШ-тағы ұшақ апаты: Вашингтон маңында жолаушылар қаза тапты

© Photo : РИА "Новости"АҚШ-тағы ұшақ апаты: Вашингтон маңында жолаушылар қаза тапты
АҚШ-тағы ұшақ апаты: Вашингтон маңында жолаушылар қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Әскери тікұшақ Вашингтондағы әуежай маңында азаматтық ұшақпен соқтығысты
АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Әскери тікұшақ әуежай маңындағы жолаушылар ұшағына соғылды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трампқа хабарлады. Бұл туралы ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Fox News арнасының эфирінде айтты.
"Мен Трампқа бұл жағдай туралы хабарланғанын растаймын. Әскери тікұшақ Рейган әуежайында аймақтық ұшақпен соқтығысқан", - деген Левитт сөзін РИА Новости келтірді.
70 жолаушыға арналған Bombardier ұшағы екенін АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) нақтылады. Соқтығысу салдарынан ұшақ Потомак өзеніне құлаған.
CNN мәліметтері бойынша, ұшақта 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Оған АҚШ құрлық әскерлерінің Black Hawk тікұшағы соқтығысты, оның бортында үш әскери болған.
Жергілікті NBC филиалы хабарлағандай, төрт адам тірі қалды. Өзендегі температура шамамен 1,6 градус болғандықтан, адамдарға жылдам үсіп қалу қаупін тудырады.
American Airlines ұшағы құлаған Потомак өзенінен қаза тапқан 18 адамның денесі шығарылды, деп хабарлады CBS полицияға сілтеме жасап. Авиакомпанияның мәліметінше,, ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 64 адам болған.
Өрт сөндірушілер сол жерде жұмыс істеп жатыр. Іздеу операциясы жүргізілуде.
Крушение самолета близ Актау: на месте происшествия продолжаются работы по разбору конструкций самолета. - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұмдардың отбасыларына қандай көмек жасалды
Жаңалықтар
0