https://sputnik.kz/20250130/qazaqstan-2025-zhyldyn-sauirine-deyin-11-milliard-tekshe-metr-su-alady-50410932.html
Қазақстан 2025 жылдың сәуіріне дейін 11 миллиард текше метр су алады
Қазақстан 2025 жылдың сәуіріне дейін 11 миллиард текше метр су алады
Sputnik Қазақстан
Келісімге Орталық Азиядағы су шаруашылығын мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 88-ші отырысында қол жеткізілді 30.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-30T10:51+0500
2025-01-30T10:51+0500
2025-01-30T10:51+0500
өзбекстан
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50409067_0:38:1241:736_1920x0_80_0_0_d97b6b9d7c08c61704a24ee0e5258ebf.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Душанбеде Орталық Азиядағы су шаруашылығын мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 88-ші отырысы өтті. Ең ірі "су форумына" Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшыларымен бірге Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, бұл биыл суару кезеңі үшін қажет су көлемін жинауға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы экожүйені сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Айта кетейік, 2024 жылдың сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2050 жылға қарай суға аса мұқтаж елдер санатына енуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы қазақстандықтар үнемшіл болуы керек, өйткені "су тапшылығы артып келеді" деді.
https://sputnik.kz/20250129/zhyl-sonyna-deyin-su-resurstary-boyynsha-aqparattyq-zhuye-azirlenedi-50370557.html
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50409067_105:0:1136:773_1920x0_80_0_0_41845471a5f79345ee92854e63cb991b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, қазақстан
Қазақстан 2025 жылдың сәуіріне дейін 11 миллиард текше метр су алады
Келісімге Орталық Азиядағы су шаруашылығын мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 88-ші отырысында қол жеткізілді
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Душанбеде Орталық Азиядағы су шаруашылығын мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 88-ші отырысы өтті. Ең ірі "су форумына" Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшыларымен бірге Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты. Бұл туралы министрліктің
баспасөз қызметі хабарлады.
"Тараптар Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде вегетация аралық кезеңнің өту барысын қарастырды. Айта кетейік, келісілген су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысының Шардара су қоймасына келеді. Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі", - делінген министрліктің хабарламасында.
Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, бұл биыл суару кезеңі үшін қажет су көлемін жинауға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы экожүйені сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
"Еліміздің оңтүстігіндегі жағдай батыс пен солтүстіктен өзгеше екенін атап өтемін. Мұнда үлкен көлемдегі су тасқыны болған жоқ. Ал жазда суармалы суға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да біз оңтүстікті сумен қамтамасыз ету бойынша мүлдем басқа жұмыс жүргізіп жатырмыз. Су дипломатиясы – біздің министрлік жұмысының маңызды бағыты. Осы келіссөздердің нәтижесінде өткен жылы еліміздің оңтүстігін сумен тұрақты қамтамасыз еттік. Біз су бөлу және трансшекаралық су нысандарын қорғау жөніндегі барлық мәселелерді Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып шешеміз", - деді су ресурстары және ирригация министрі.
Айта кетейік, 2024 жылдың сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2050 жылға қарай суға аса мұқтаж елдер санатына енуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы қазақстандықтар үнемшіл болуы керек, өйткені "су тапшылығы артып келеді" деді.