Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭО символдары
ЕАЭО символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
ЕАЭО елдері үкімет басшыларының келуі күтілуде
АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. 30-31 қаңтарда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.
Шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанның үкімет басшылары қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттердің өкілдері: Иранның бірінші вице-президенті, Куба мен Өзбекстанның үкімет басшылары, сондай-ақ шақырылған мемлекеттер – Әзербайжан мен Тәжікстан үкіметтерінің басшылары қатысады деп күтілуде.
Дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысының күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын қамтиды.
31 қаңтарда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің делегация басшылары және шақырылған қонақтар "Digital Almaty 2025" цифрлық форумының пленарлық отырысына қатысады. Дәстүрлі түрде форумға саяси және қоғам қайраткерлері, ірі IT-компаниялардың басшылары мен цифрлық индустрияның сарапшылары қатысады деп күтілуде.
Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Ресей премьері Михаил Мишустин жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді
Жаңалықтар
0