Ресей премьері Михаил Мишустин жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

© Sputnik / Владимир АстапковичМихаил Мишустин
Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Жазылу
Сапар барысында Михаил Мишустин Алматыдағы "Digital Almaty 2025" цифрлық форумында сөз сөйлейді
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Бүгін Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды РФ үкіметінің баспасөз қызметі.
Ресей-Қазақстан келіссөздері аясында Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ерекше назар аударылады.
Мишустин сондай-ақ Алматыдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. Онда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылын арттыру, еуразиялық нарықтың жұмыс істеуі, макроэкономикалық ахуал және бірлескен жобаларды ілгерілету перспективалары қаралады.
Сапар барысында Михаил Мишустин Алматыдағы "Digital Almaty 2025" цифрлық форумында сөз сөйлейді.
Мишустиннің Қазақстанға сапары 31 қаңтарға дейін созылады.
Жаңалықтар
0