https://sputnik.kz/20250129/almatydan-mumbayga-zhana-reys-ashylady-50374891.html
Алматыдан Мумбайға жаңа рейс ашылады
Алматыдан Мумбайға жаңа рейс ашылады
Sputnik Қазақстан
Ол 20 сәуірде іске қосылады 29.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-29T12:18+0500
2025-01-29T12:18+0500
2025-01-29T12:18+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363539_190:178:1124:703_1920x0_80_0_0_80d0b21efe98e4d6c983992488ab4817.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Үндістанға әуе қатынасы кеңейеді, деп хабарлайды көлік министрлігі.Туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтары арқылы орындалады. Осылайша елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.Айта кетері, қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20230822/almatylyqtar-delige-tikeley-reyspen-usha-alady-37869959.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363539_183:97:1067:760_1920x0_80_0_0_98d39fb98b68c3fa364e508ac6747616.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
Алматыдан Мумбайға жаңа рейс ашылады
Ол 20 сәуірде іске қосылады
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Үндістанға әуе қатынасы кеңейеді, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.
Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтары арқылы орындалады. Осылайша елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.
Айта кетері, қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.