Қоғам

Алматылықтар Делиге тікелей рейспен ұша алады

© Photo : Страница авиакомпании IndiGo в Твиттер IndiGo әуе компаниясы ұшағы
 IndiGo әуе компаниясы ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
Әуе рейстері қыркүйектің соңында ашылады
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Үндістанның ірі IndiGo әуе компаниясы "Дели – Алматы – Дели" тікелей рейсін іске қосады, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейстер қыркүйек айының соңында басталады және аптасына үш рет орындалады.
"Жаңа тікелей рейстерді іске қосу бойынша келіссөздер шетелдік авиакомпаниялармен үнемі жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, соңғы уақытта Катар, Египет және Қытайға ұшу жиілігі артты. Шетелдік компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда. Мысалы, осы жазда Оманның Salam Air әуе компаниясы "Алматы – Маскат" бағыты бойынш, аптасына 2 рет жиілікпен рейс ашты", - деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Ведомство ақпаратынша, Дели – Алматы рейсі Үндістандағы 75-тен астам бағытқа, сондай-ақ Азияның ірі қалаларына ұшатын авиакомпания үшін 32-ші халықаралық тікелей байланыс саналады. Сондай-ақ IndiGo-ның Еуропа мен Солтүстік Америкада өзінің серіктестік кодтары арқылы үлкен желісі бар.
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Қазақстан мен Ұлыбритания әуе рейстері санын арттыруды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0