Қазақстан мен Ұлыбритания әуе рейстері санын арттыруды жоспарлап отыр

© Sputnik / Владислав ВодневҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Лондон қаласында Қазақстан мен Ұлыбританияның авиация билігі арасында келіссөздер өтті, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Екі ел арасында биыл 15 маусымға дейін уақытша негізде аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы – Лондон – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстер болады. Тасымалмен "Эйр Астана" әуе компаниясы айналысты.
"Қолданыстағы уәдеге сәйкес "Эйр Астана" әуекомпаниясы 15 маусымда Алматы – Лондон бағыты бойынша рейстердің бір бөлігін тоқтатуға мәжбүр болады. Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны артатын болды", - дейді ведомство.
Енді Астана қаласы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін рейстер санын арттыру жоспарланып жатыр. Қазақстанда енгізілген "ашық аспан" режиміне сәйкес тұрақты емес негізде аптасына 7 жүк рейсіне дейін арттыру жоспарда бар", -деп мәлімдеді министрлік.
Нәтижесінде "Эйр Астана" әуе компаниясы арқылы биыл жыл соңына дейін аптасына 7 рет Лондонға рейс ұшады.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді дейді министрлік.
Жаңалықтар
0