https://sputnik.kz/20250127/ministr-birneshe-zherde-zhumys-isteytin-darigerlerge-qatysty-pikir-bildirdi-50327195.html
Министр бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді
Министр бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Денсаулықс сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды... 27.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-27T16:47+0500
2025-01-27T16:47+0500
2025-01-27T16:54+0500
дәрігер
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26241170_0:50:2318:1354_1920x0_80_0_0_b0f8ed47a7727d8c8d18192cb0f26331.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Денсаулықс сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгінде мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер пациенттерді жеке меншік клиникаларға да жіберіп жатады. Себебі өздері сонда істейді. Министрдің айтуынша, бүгінде "бұл өте маңызды мәселе" болып тұр. Министр дәрігерлерді табыс табу жағынан шектеу керек емес деп санайды. "Егер адам 24 сағаттың ішінде өзінің жұмыс кестесіне сай қызмет етсе, шектеудің қажеті жоқ. Дәрігер неғұрлым жақсы жұмыс істесе, соғұрлым жалақысы да жоғары болады. Біз жалақының жоғары болғанын қалаймыз", - деп атап көрсетті Әлназарова.
https://sputnik.kz/20241102/densaulyq-saqtau-ministrligi-darigerler-tapshylygy-basym-aymaqtardy-atady-48228942.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26241170_0:0:2318:1740_1920x0_80_0_0_e7bf7df0864ca9aab2d9da374687b5ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, жұмыс
Министр бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді
16:47 27.01.2025 (жаңартылды: 16:54 27.01.2025) АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Денсаулықс сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер пациенттерді жеке меншік клиникаларға да жіберіп жатады. Себебі өздері сонда істейді. Министрдің айтуынша, бүгінде "бұл өте маңызды мәселе" болып тұр.
"Өкінішке қарай, қазір бізде ресурстарды басқару жүйесі дұрыс жолға қойылмаған. Соның салдарынан біз дәрігердің нақты қандай клиникада жұмыс істеп жүргенін білмейміз. Ол бір уақытта төрт-бес жерде істеуі мүмкін. Әзірше, бізде оны бақылау жолдары жоқ. Бірақ ресурстарды басқару жүйесін іске асырғаннан кейін біз әрбір дәрігердің жүктемесін көре аламыз. Ол жүктеме физикалық мүмкіндіктеріне, жұмыс уақытына сай ма, соның бәрін білетін боламыз", - деді Әлназарова
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Министр дәрігерлерді табыс табу жағынан шектеу керек емес деп санайды.
"Егер адам 24 сағаттың ішінде өзінің жұмыс кестесіне сай қызмет етсе, шектеудің қажеті жоқ. Дәрігер неғұрлым жақсы жұмыс істесе, соғұрлым жалақысы да жоғары болады. Біз жалақының жоғары болғанын қалаймыз", - деп атап көрсетті Әлназарова.