https://sputnik.kz/20250126/almatyda-qorganys-ministrliginin-askeri-qyzmetshileri-sogys-ardagerlerimen-kezdesti-50281779.html
Алматыда қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері соғыс ардагерлерімен кездесті
Алматыда қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері соғыс ардагерлерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған бір топ... 26.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-26T14:00+0500
2025-01-26T14:00+0500
2025-01-26T14:00+0500
жеңістің 80 жылдығы
қорғаныс министрлігі
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1a/50281017_0:55:970:601_1920x0_80_0_0_4ac6786735185a4257773747028f167c.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған бір топ офицер майдангерлердің үйіне барды.Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповпен кездесуде әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев майдангерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті.Осыдан бірнеше күн бұрын Анатолий Назарович 99 жасқа толған туған күнін атап өткен болатын. Алматы облысының Қаскелең қаласында туған Анатолий Назарович әскери байланысшы мамандығын алып, 1943 жылдан бастап Балтық майданында соғысты.Бүгінде майдангердің кеудесінде II дәрежелі Отан соғысы ордені мен "Риганы азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдары және көптеген мерейтойлық наградалар жарқырайды."Сіздің буынның үлесіне тым қатал сынақ түсті. Бірақ сіздер жауды жеңіп, жеңімпаз атандыңыздар. Сіздің ерлігіңіз бен табандылығыңыздың арқасында жер бетінде бейбітшілік орнады", – деді полковник Басқожаев.Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Тамара Максимованы да құттықтап барды.Тамара Александровна Максимова алдағы 23 сәуірде 101 жасқа толады. Соғыс кезінде ол Волоколамск тас жолындағы госпитальде жұмыс істеді. Алдымен тіркеуде, кейін медбике болды. Ол ауыр жараланған жауынгерлерге қамқорлық жасап, өз бетімен хат жаза алмайтын қызыл әскерлерге көмектесті. Осы госпитальде 2007 жылға дейін бақытты ғұмыр кешкен болашақ жары Константинмен кездесті.Тамара Александровна 1943 жылы ауыр жарақат салдарынан денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылды. Соғыстан соң 10-сыныпты жеделдетілген бағдарламамен бітіріп, Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түсті. Ғылым кандидаты дәрежесін алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді.Тамара Александровна II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Мәскеуді қорғағаны үшін" медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.Әскери ведомство өкілдері соғыс ардагерлеріне өміршеңдігі үшін алғыс айтып, оларға ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.
https://sputnik.kz/20250125/almatyda-28-panfilovshyny-eske-alu-sharasy-otti-50274003.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1a/50281017_6:0:966:720_1920x0_80_0_0_ca4840a9f19208ba43ca48b43a506cdb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, соғыс ардагері
қорғаныс министрлігі, соғыс ардагері
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған бір топ офицер майдангерлердің үйіне барды.
Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповпен кездесуде әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев майдангерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті.
Осыдан бірнеше күн бұрын Анатолий Назарович 99 жасқа толған туған күнін атап өткен болатын. Алматы облысының Қаскелең қаласында туған Анатолий Назарович әскери байланысшы мамандығын алып, 1943 жылдан бастап Балтық майданында соғысты.
Бүгінде майдангердің кеудесінде II дәрежелі Отан соғысы ордені мен "Риганы азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдары және көптеген мерейтойлық наградалар жарқырайды.
"Сіздің буынның үлесіне тым қатал сынақ түсті. Бірақ сіздер жауды жеңіп, жеңімпаз атандыңыздар. Сіздің ерлігіңіз бен табандылығыңыздың арқасында жер бетінде бейбітшілік орнады", – деді полковник Басқожаев.
Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Тамара Максимованы да құттықтап барды.
Тамара Александровна Максимова алдағы 23 сәуірде 101 жасқа толады. Соғыс кезінде ол Волоколамск тас жолындағы госпитальде жұмыс істеді. Алдымен тіркеуде, кейін медбике болды. Ол ауыр жараланған жауынгерлерге қамқорлық жасап, өз бетімен хат жаза алмайтын қызыл әскерлерге көмектесті. Осы госпитальде 2007 жылға дейін бақытты ғұмыр кешкен болашақ жары Константинмен кездесті.
Тамара Александровна 1943 жылы ауыр жарақат салдарынан денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылды. Соғыстан соң 10-сыныпты жеделдетілген бағдарламамен бітіріп, Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түсті. Ғылым кандидаты дәрежесін алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді.
Тамара Александровна II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Мәскеуді қорғағаны үшін" медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.
Әскери ведомство өкілдері соғыс ардагерлеріне өміршеңдігі үшін алғыс айтып, оларға ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.