https://sputnik.kz/20250125/almatyda-28-panfilovshyny-eske-alu-sharasy-otti-50274003.html
Алматыда 28 панфиловшыны еске алу шарасы өтті
Алматыда 28 панфиловшыны еске алу шарасы өтті
Sputnik Қазақстан
Қорғаныс министрлігінің өкілдері, әскери оқу орындарының курсанттары, әскери-патриоттық қоғамдардың тәрбиеленушілері, ардагерлер мен қала жұртшылығы Ұлы Отан... 25.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-25T15:35+0500
2025-01-25T15:35+0500
2025-01-25T15:35+0500
жеңістің 80 жылдығы
ерлік
жеңіс
https://sputnik.kz/img/07e9/01/19/50270170_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c73631410538c2266892ebd708627190.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысы жылдарында жанын қиған батырларды ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, курсанттар, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды, жиналғандар қаза тапқан батырларды еске алды.Осы күні генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Блиновке барып, оның әскери қызметі мен жауынгерлік жолына ризашылығын білдірді.Бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері ғана тұрады. Олардың әрқайсысы Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен курсанттарының назары мен қамқорлығында. Курсанттар ардагерлерге барып, тұрмыстық көмек көрсетіп, әңгіме-дүкен құрып, олардың ерлігіне ризашылықты осылай білдіруге атсалысып жатыр.Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар мен патриоттық іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатыр.
https://sputnik.kz/20250124/biyl-ardagerlerge-17-mlrd-tenge-tolenedi-50244665.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/19/50270170_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2c92ea5d58fd8a3ff4a408a82ba7d40a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлік, жеңіс
Алматыда 28 панфиловшыны еске алу шарасы өтті
Қорғаныс министрлігінің өкілдері, әскери оқу орындарының курсанттары, әскери-патриоттық қоғамдардың тәрбиеленушілері, ардагерлер мен қала жұртшылығы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алып, рухына тағзым етті
АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысы жылдарында жанын қиған батырларды ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, курсанттар, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды, жиналғандар қаза тапқан батырларды еске алды.
"Біз батырларымыздың ерлігін құрметтейміз және бұл естелікті болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Біздің міндетіміз – ардагерлерге қамқорлық, құрмет және олардың әскери қызметі мен адалдығы үшін алғысымызды көрсету", - деді қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.
Осы күні генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Блиновке барып, оның әскери қызметі мен жауынгерлік жолына ризашылығын білдірді.
Бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері ғана тұрады. Олардың әрқайсысы Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен курсанттарының назары мен қамқорлығында. Курсанттар ардагерлерге барып, тұрмыстық көмек көрсетіп, әңгіме-дүкен құрып, олардың ерлігіне ризашылықты осылай білдіруге атсалысып жатыр.
Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар мен патриоттық іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатыр.