ХАМАС кепілде болған тағы төрт Израиль азаматын босатты

© Photo : Аль Джазира. Скан видеоХАМАС кепілде болған тағы төрт Израиль азаматын босатты
ХАМАС кепілде болған тағы төрт Израиль азаматын босатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2025
Жазылу
Кепілге алынғандар Халықаралық Қызыл Крест өкілдеріне тапсырылды. Олар Израиль аумағына оралып, медициналық тексеруден өтеді
АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Палестиналық ХАМАС тобы кепілге алынған төрт израильдікті Қызыл Крест ұйымына тапсырды, деп хабарлады Израиль қорғаныс армиясы.
Кепілге алынған әскери қызметтегі әйел адамдар израильдік күштерге тапсырылды және олар Израиль аумағына қайтып, медициналық тексеруден өтеді.
Күні бұрын "Әл-Қассам бригадалары" тобының өкілі Әбу Убайда ХАМАС әйел жынысындағы төрт әскериді – Карина Ариев, Даниэла Гилбоа, Наама Леви және Лири Альбагты тапсыратынын хабарлады. Бостандыққа шыққан әйелдер 19-20 жаста.
The Times of Israel газеті ХАМАС тобының Израильмен арадағы келісімінің шарттарына сәйкес келмейтінін атап хабарлады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келісімді бұзуға қатысты қалай әрекет ету керектігін талқылау үшін кеңестер өткізді.
Босатылғандардың орнына Израиль 200 палестиналық тұтқынды босатуы керек, оның ішінде 120-сы өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, деп жазды Associated Press.
Исмаил Хания, глава политического бюро палестинского исламистского движения ХАМАС - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2024
Әлем
Тегеранда Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны өлтіріп кетті
Жаңалықтар
0