Әлем

Тегеранда Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны өлтіріп кетті

© AFP 2024 / -Исмаил Хания, глава политического бюро палестинского исламистского движения ХАМАС
Исмаил Хания, глава политического бюро палестинского исламистского движения ХАМАС - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2024
Жазылу
Атыс кезінде сондай-ақ Ханияның оққағарларының бірі қаза тапқан
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Иран астанасы Тегерандағы резиденциясына жасалған соққыдан қаза тапты. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесіне сілтеме жасаған Mehr агенттігі жазды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Палестиналық ХАМАС қарсыласу қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Тегеранда қаза тапты", - делінген агенттік хабарламасында.
Агенттіктің хабарлауынша,атыс кезінде Ханияның бір оққағары да қаза тапқан.
Бүгін түнде Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Бейрутке зымырандық шабуыл жасады. Соққыдан "Хезболланың" жоғары шенді қолбасшысы Фуад Шукр қаза тапты, деп хабарлайды Sky News Arabia.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хания Тегеранға Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкианның ант беру рәсіміне барған.
Жаңалықтар
0