Вице-минситр АЭС салатын компаниялар қашан белгілі болатынын айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевАЭС құрылысы бойынша Қазақстандағы референдум
АЭС құрылысы бойынша Қазақстандағы референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС салатын компаниялар қай кезде анықталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында президент АЭС салу жұмысын жылдамдатуды тапсырған болатын. Қазіргі кезде энергетика министрлігі вендорлармен келіссөз жүргізіп жатыр.
"Қазір министрлік жұмыс жасап жатыр. Сондықтан тапсырма бойынша осы жылдың бірінші жартыжылдығында, мамыр-маусым айларында қай вендорламен жұмыс жасайтынымыз белгілі болады. Сол кезде болжамды айтамыз", - деді Сұңғат Есімханов үкіметтегі брифингте.
Ленинградская атомная электростанция имени В.И.Ленина - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Қазақстан делегациясы АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге барды
Жаңалықтар
0