https://sputnik.kz/20250121/qazaqstan-delegatsiyasy-aes-qurylysyna-arnalgan-tekhnologiyalardy-tandau-ushin-reseyge-bardy-50176334.html
Қазақстан делегациясы АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге барды
Қазақстан делегациясы АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге барды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында делегация осындай жұмыс сапарларымен Корея Республикасына, Францияға және Қытайға барған болатын 21.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-21T21:48+0500
2025-01-21T21:48+0500
2025-01-21T21:48+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/15/50175653_0:288:2619:1761_1920x0_80_0_0_354534b3c479dc90657fcad25c215026.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен қазақстандық делегация АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды еліміздің энергетика министрлігі.Ресейге сапар Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен бәсекелестік диалогтың қорытынды кезеңі болды.Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында делегация осындай жұмыс сапарларымен КореяРеспубликасына, Францияғажәне Қытайға барған болатын."Росатом" мемлекеттік корпорациясы корейлік KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF компанияларымен бірге "шорт-тізімге" енген.Сапар барысында делегация Ленинград АЭС басшылығымен консультациялар өткізіп, станцияның инфрақұрылымымен танысты.Сондай-ақ, делегация АЭС-тің серіктес қаласы – Сосновый Борға барды. Ол – заманауи ғылыми қала және ғылыми-инженерлік құзыреттер орталығы болып саналады."Бүгін біз ядролық энергетика саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған жұмыс сапарларымызды аяқтадық. Ленинград АЭС-іне бару қоршаған ортаны қорғау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін технологиялар мен қауіпсіздік шараларымен терең танысуға мүмкіндік берді", - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Ленинград АЭС-і– Ресейдегі орнатылған қуаты бойынша ең ірі және екі түрлі типтегі энергоблоктар жұмыс істейтін жалғыз АЭС.
https://sputnik.kz/20250108/olardyn-sany-usheu-boluy-da-mumkin-toqaev-aes-qurylysyn-zhedeldetudi-tapsyrdy-49840917.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/15/50175653_0:43:2619:2007_1920x0_80_0_0_84780e85d8a694b2f4765fec4900c6e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Қазақстан делегациясы АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге барды
Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында делегация осындай жұмыс сапарларымен Корея Республикасына, Францияға және Қытайға барған болатын
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен қазақстандық делегация АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды еліміздің энергетика министрлігі.
"Сапардың негізгі мақсаты АЭС-ті пайдалану тәжірибесімен танысу және ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буынды энергетикалық блоктардың технологияларын зерттеу болды. Делегация Ленинград АЭС-іне барып, станцияжұмысының негізгі техникалық аспектілерімен танысты, соның ішінде блоктық басқару пунктінің құрылғысы, турбина цехы, зертханалық кешен және энергоблоктардың салқындату жүйесі ұсынылды. ВВЭР-1200 реакторы – "Росатом" мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы", - делінген министрлік хабарламасында.
Ресейге сапар Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен бәсекелестік диалогтың қорытынды кезеңі болды.
Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында делегация осындай жұмыс сапарларымен КореяРеспубликасына, Францияғажәне Қытайға барған болатын.
"Росатом" мемлекеттік корпорациясы корейлік KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF компанияларымен бірге "шорт-тізімге" енген.
Сапар барысында делегация Ленинград АЭС басшылығымен консультациялар өткізіп, станцияның инфрақұрылымымен танысты.
Сондай-ақ, делегация АЭС-тің серіктес қаласы – Сосновый Борға барды. Ол – заманауи ғылыми қала және ғылыми-инженерлік құзыреттер орталығы болып саналады.
"Бүгін біз ядролық энергетика саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған жұмыс сапарларымызды аяқтадық. Ленинград АЭС-іне бару қоршаған ортаны қорғау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін технологиялар мен қауіпсіздік шараларымен терең танысуға мүмкіндік берді", - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ленинград АЭС-і– Ресейдегі орнатылған қуаты бойынша ең ірі және екі түрлі типтегі энергоблоктар жұмыс істейтін жалғыз АЭС.