https://sputnik.kz/20250124/mangystauda-sarbazga-oq-atqan-ofitser-sottaldy-50263532.html
Маңғыстауда сарбазға оқ атқан офицер сотталды
Маңғыстауда сарбазға оқ атқан офицер сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты сарбазды атып өлтірген лейтенантқа үкім шығарды, деп... 24.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-24T19:25+0500
2025-01-24T19:25+0500
2025-01-24T19:25+0500
маңғыстау облысы
сарбаз
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты сарбазды атып өлтірген лейтенантқа үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Сот материалдарына сәйкес, былтыр қыркүйек айында Ақтау гарнизонында взвод командирі өзіне сеніп тапсырылған тапаншадан қатардағы жауынгерге оқ атқан. Жас жігіт алған жарақатынан қайтыс болды. Лейтенаттың кінәсі оқиға орнындағы бейнежазбаларымен, куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сотталушының өзі қатардағы жауынгерді өлтіруге ниет болмағанын мәлімдеді. Тапаншадан оқты абайсыда атқанын айтты. Осылайша, өз кінәсін ішінара мойындады. Ал прокурор 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сарбаздың туыстары да барынша қатаң жаза беруді талап етті. Сот шешімімен сарбазды атып өлтірген лейтенант 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол жәбірленушілердің пайдасына 20 млн теңге мөлшерінде моральдық және материалдық шығын өтеп беруге міндетті. Оны "лейтенант" әскери атағынан да айыруға шешім шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Еске салсақ, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздың бетіне оқ тиген. Ол ауруханаға жетпей көз жұмған.
https://sputnik.kz/20240908/mangystauda-qaza-tapqan-sarbazdyn-akesi-beyneundeu-zhariyalady-46857329.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, сарбаз
Маңғыстауда сарбазға оқ атқан офицер сотталды
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты сарбазды атып өлтірген лейтенантқа үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, былтыр қыркүйек айында Ақтау гарнизонында взвод командирі өзіне сеніп тапсырылған тапаншадан қатардағы жауынгерге оқ атқан. Жас жігіт алған жарақатынан қайтыс болды. Лейтенаттың кінәсі оқиға орнындағы бейнежазбаларымен, куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.
Сотталушының өзі қатардағы жауынгерді өлтіруге ниет болмағанын мәлімдеді. Тапаншадан оқты абайсыда атқанын айтты. Осылайша, өз кінәсін ішінара мойындады. Ал прокурор 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сарбаздың туыстары да барынша қатаң жаза беруді талап етті.
Сот шешімімен сарбазды атып өлтірген лейтенант 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол жәбірленушілердің пайдасына 20 млн теңге мөлшерінде моральдық және материалдық шығын өтеп беруге міндетті.
Оны "лейтенант" әскери атағынан да айыруға шешім шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздың бетіне оқ тиген. Ол ауруханаға жетпей
көз жұмған.