Маңғыстауда полигонда оқ жарақатын алған сарбаз көз жұмды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСрочная служба
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Ол ауруханаға жетпей қайтыс болған
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздың бетіне оқ тиген. Ол ауруханаға жетпей көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақтау гарнизоны таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында болған. Ол жерде "Батыс" аймақтық қолбасшылығының құрылымдары оқу-жаттығулар өткізген.
"Қару-жарақты қолдау ережелерін бұзу салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр.
Здание министерства обороны Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2024
Оқу-жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды
Жаңалықтар
0