Ұлттық жоба аясында электр желілерін жаңғыртуға 2,7 трлн теңге тартылады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасы шеңберінде генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда.
"Бүгінгі таңда елдің электр желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 470 мың км құрайды, оның 27 мың км ұлттық маңызы бар. Жоғары тозуды (70%-дан астам) назарға ала отырып, 77,5 мың км электр желілерін жаңғыртуға 2,7 трлн теңге тартылады, бұл тозу көрсеткішін 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген энергетика министрлігі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, белгіленген электр қуатын ұлғайту және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 2029 жылға қарай 6 208 млрд теңге сомасына 7,3 ГВт (29 жоба) қосымша генерациялау көздері енгізілетін болады.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру электр станцияларының орташа тозуын 57%-дан 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылумен жабдықтау саласына 1622 км тозған желілерді ауыстыру және қайта жаңарту үшін жалпы сомасы 1 257 млрд теңге инвестициялар тартылуда, бұл орташа тозуды 10%-ға төмендетеді және еліміздің 12 млн астам азаматының өмір сүру сапасын жақсартады.
АЭС құрылысы бойынша Қазақстандағы референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Вице-минситр АЭС салатын компаниялар қашан белгілі болатынын айтты
Жаңалықтар
0