Маңғыстау облысында үздік мектепке үш лауазымдық жалақы мен қызметтік автокөлік беріледі

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуУчитель в классе
Учитель в классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Маңғыстау облысында үздік мектеп ұжымына 3 лауазымдық жалақы мен қызметтік автокөлік беріледі, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын “Үздік мектеп ұжымы” рейтингін өткізуді тапсырды.
"Облыстағы жайлы мектептердің білім деңгейін көтеру мақсатында жыл сайын рейтинг жасап, "Табысты мектеп" жобасын іске қосуды ұйғардық. Біз ұстаздар мен оқушылардың ынтасы мен жігерін арттыруды, шығармашылық қабілеттерін ашуды мақсат тұтып отырмыз", - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Жобаның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттау және мектептердің жетістіктерін анықтау, мектепаралық бәсекелестікті дамыту.
“Табысты мектеп” жобасы оқу жылының көрсеткіштері негізінде қорытындыланады. Көрсеткіштері жоғары үздік мектептерге:
1 орынға - мектеп директорына қызметтік автокөлік беріледі және мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 3 лауазымдық жалақымен марапатталады;
2 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады;
3 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 1 лауазымдық жалақымен марапатталады.
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2024
Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлерді қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0