https://sputnik.kz/20240228/bolashaq-mugalimder-men-darigerlerdi-qashyqtan-oqytuga-tyyym-salynuy-mumkin-42545633.html
Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлерді қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін
Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлерді қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Елімізде болашақ мұғалімдер мен медицина қызметкерлерін қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін. Осы бағыттағы қаулы жобасын ғылым... 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T07:42+0500
2024-02-28T07:42+0500
2024-02-28T07:42+0500
студенттер
мұғалім
дәрігер
https://sputnik.kz/img/1060/81/10608191_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_16706f36ef051fb2c9f1b18e9dd3041d.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Елімізде болашақ мұғалімдер мен медицина қызметкерлерін қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін. Осы бағыттағы қаулы жобасын ғылым және жоғарғы білім министрлігі қоғам талқысына шығарды, деп хабарлайды КТК.Оқушылардың зейінін ашып, науқастарды емдейтіндер алдымен өзі білімді болуы керек. Сондықтан оларға қашықтан оқуға тыйым салынбақшы. Онлайн оқуға тек төтенше жағдайларда немесе карантин уақытында ғана жіберу қарастырылған. Құжатта бұл нормалар білім беру бағытындағы заңға өзгертулерді іске асыру бағытында жасалып жатқаны айтылған. Балалар қауіпсіздігі, тәлімгерлік және білім берудегі заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Мемлекет басшысы 23 ақпанда қол қойды. Заң аясында жетім балаларға тәлімгер институтын құру мен балалар қауіпсіздігіне арналған нормалар бар. Осыған сәйкес енді оқуышылардың сабақта смартфон қолдануына да тыйым салынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1060/81/10608191_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_2ae13ed98c55f5f0a6aab5fa08a1b2ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер, мұғалім, дәрігер
студенттер, мұғалім, дәрігер
Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлерді қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Елімізде болашақ мұғалімдер мен медицина қызметкерлерін қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін. Осы бағыттағы қаулы жобасын ғылым және жоғарғы білім министрлігі қоғам талқысына шығарды, деп хабарлайды
КТК. Оқушылардың зейінін ашып, науқастарды емдейтіндер алдымен өзі білімді болуы керек. Сондықтан оларға қашықтан оқуға тыйым салынбақшы. Онлайн оқуға тек төтенше жағдайларда немесе карантин уақытында ғана жіберу қарастырылған. Құжатта бұл нормалар білім беру бағытындағы заңға өзгертулерді іске асыру бағытында жасалып жатқаны айтылған.
Балалар қауіпсіздігі, тәлімгерлік және білім берудегі заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Мемлекет басшысы 23 ақпанда қол қойды. Заң аясында жетім балаларға тәлімгер институтын құру мен балалар қауіпсіздігіне арналған нормалар бар. Осыған сәйкес енді оқуышылардың сабақта смартфон қолдануына да тыйым салынады.