Алматы облысында 3000 тұрғын үй жылусыз қалды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуГазопровод
Газопровод - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында көлік апатынан газ құбырына зақым келіп, 3000 абонент жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
22 қаңтар сағат 11:30 шамасында Қарасай ауданында екі көлік соқтығысып, газ құбырын қиратқан.
"Жамбыл ауылында "Ауди" және "Тойота" көліктері соқтығысқан. Салдарынан газ құбырына зақым келді. Диаметрі 219 мм орташа қысымды газ құбырларынэ газдан ажыратылды", - дейді Қарасай ауданының әкімдігі.
Қазіргі уақытта Қарасай ауданының 3000 отбасы аязды күні жылусыз қалды.
"Жамбыл, Ұлан ауылдары мен 19 ықшам ауданында 3000 абонент жылусыз қалды. Қазіргі уақытта "АлматыГазсервисХолдинг" ЖШС мамандары апатты жою жұмыстарын жасап жатыр", - дейді ведомстводадан.
Әкімдіктің мәліметінше, құбырларды қалпына келтіруге 3-4 сағат, ал халыққа жылу беру 8-9 сағатқа созылады.
Айта кетейік, Қарасай ауданындағы бұл аумақ өте қауіпті. Дәл осы жерде былтыр бензин таситын көлік жол апатына түсіп, газ құбырын қиратып кетті. Қалпына келтіру жұмыстары 2 тәулікке созылды. Өйткені көліктен төгілген бензин дәнекерлеу жұмыстарына кедергі келтірген.
Сондай-ақ Жамбыл мен Ұлан ауылдарының арасындағы бұл жол тар, әрі ешбір қорғаныс қойылмаған.
Жайсан ауылының тұрғындары он жылға жуық газға қол жеткізе алмай жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
"Газ тартамыз дегелі 10 жыл болды": Алматы облысында ауыл тұрғындары наразылық білдірді
Жаңалықтар
0