https://sputnik.kz/20250121/gaz-tartamyz-degeli-10-zhyl-boldy-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-narazylyq-bildirdi-50167369.html
"Газ тартамыз дегелі 10 жыл болды": Алматы облысында ауыл тұрғындары наразылық білдірді
"Газ тартамыз дегелі 10 жыл болды": Алматы облысында ауыл тұрғындары наразылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Жайсан ауылының тұрғындары он жылға жуық газға қол жеткізе алмай жүр 21.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-21T17:26+0500
2025-01-21T17:26+0500
2025-01-21T17:26+0500
алматы облысы
ауыл
газ
газ құбыры
https://sputnik.kz/img/07e9/01/15/50166879_103:0:1049:532_1920x0_80_0_0_90c7e9d42624810989db0d19654532ed.jpg
АЛМАТЫ, 21 қаңтар— Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Жайсан ауылының тұрғындары он жылға жуық газға қол жеткізе алмай жүргендерін айтып шағымданған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі ауылға барып, тұрғындардың базынасын тыңдап қайтты.Жайсандықтардың айтуынша, ауылдың дәл іргесінен түскен орталық газ құбырынан ауылға, үйлеріне газ тарта алмағандарына 10 жыл болған.Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Жамбыл ауданының Қыдырбекұлы, Жайсан, Ақсеңгір, Көкдала және Қазбек бек ауылдарында газ тарту үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурс жарияланған."Конкурс қорытындысы бойынша "Алматы продакшн" ЖШС Қыдырбекұлы ауылымен 2023 жылы, "Тұрғаз" ЖШС Жайсан, Ақсеңгір, Көкдала ауылдарымен 2023 жылы шарттар жасаған. Шарт бойынша жалпы құны – 6,158 млрд теңге. Былтыр бұл ауылдарда ауыл ішіндегі газ желілерін салу жұмыстары аяқталды. Жалпы жұмыстың 95%-ы аяқталды", - дейді ведомство.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы наурыз айының соңына дейін барлық үйге газ тартылатынын айтты.Қазірдің өзінде әр ауылда кемінде 20 үйге газ берілген.Айта кетейік, жалпы бұл ауылдарға орталық газ магистралі 2013-2014 жылдары жүргізілген. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 45,5 км. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 463 млн теңге бөлінген."Әлеуметтік желіде не үшін жалған ақпарат тарағанын білмейміз. Негізі жұмыстардың бәрі рет-ретімен орындалып келеді. Биыл бюджеттен қаражат бөлініп, ауыл ішіндегі барлық газ құрылысы бітті. Енді қазір абоненттік жұмыстар, оның ішінде, әр үйге газ тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Үш фирма келіп, қоғамдық тыңдау өткізіп, әр отбасымен жеке-жеке келісімшарт жасап жатыр", - дейді Жайсан ауылының әкімі Ержан Қасымшалов.Ауылдағы газ құбырлары жерасты арқыла жүргізілген. Ақсеңгір ауылдық округінде 4 елді мекен, 5500 халық, мың жарым үй бар. Газ үш ауылға да тартылған."Қазіргі үш фирма газ тарту үшін әр үйден 200-250 мың теңгеден алғалы отыр. Кейбір кісілер үкімет үйге тегін кіргізіп берсе деп шағымданады. Жалпы Жайсандағы газ құбырының ұзындығы – 24 шақырым, соның 80%-і жерасты арқылы тартылған. Бәрі халықтың қауіпіздігі үшін жасалды. Ал Жайсанға наурыз айының соңында газ тартылады", - дейді Ержан Қасымшалов.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/15/50166879_221:0:930:532_1920x0_80_0_0_55452391c561dbc8d9984a4df554e752.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, ауыл, газ, газ құбыры
алматы облысы, ауыл, газ, газ құбыры
"Газ тартамыз дегелі 10 жыл болды": Алматы облысында ауыл тұрғындары наразылық білдірді
Жайсан ауылының тұрғындары он жылға жуық газға қол жеткізе алмай жүр
АЛМАТЫ, 21 қаңтар— Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Жайсан ауылының тұрғындары он жылға жуық газға қол жеткізе алмай жүргендерін айтып шағымданған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Sputnik Қазақстан тілшісі ауылға барып, тұрғындардың базынасын тыңдап қайтты.
Жайсандықтардың айтуынша, ауылдың дәл іргесінен түскен орталық газ құбырынан ауылға, үйлеріне газ тарта алмағандарына 10 жыл болған.
"Міне, газ құбыры дәл іргемізде ғана тұр. Құбырдың тртылғанына 10 жылдай болды. Содан бері мына тиіп тұрған ауылға кіргізе салса болады гой. Әлі күнге пеш жағып отырмыз. Айналамыздағы ауылдардың бәрінде газ бар", - дейді Жайсан ауылының тұрғындары.
Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Жамбыл ауданының Қыдырбекұлы, Жайсан, Ақсеңгір, Көкдала және Қазбек бек ауылдарында газ тарту үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурс жарияланған.
"Конкурс қорытындысы бойынша "Алматы продакшн" ЖШС Қыдырбекұлы ауылымен 2023 жылы, "Тұрғаз" ЖШС Жайсан, Ақсеңгір, Көкдала ауылдарымен 2023 жылы шарттар жасаған. Шарт бойынша жалпы құны – 6,158 млрд теңге. Былтыр бұл ауылдарда ауыл ішіндегі газ желілерін салу жұмыстары аяқталды. Жалпы жұмыстың 95%-ы аяқталды", - дейді ведомство.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы наурыз айының соңына дейін барлық үйге газ тартылатынын айтты.
Қазірдің өзінде әр ауылда кемінде 20 үйге газ берілген.
Айта кетейік, жалпы бұл ауылдарға орталық газ магистралі 2013-2014 жылдары жүргізілген. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 45,5 км. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 463 млн теңге бөлінген.
"Әлеуметтік желіде не үшін жалған ақпарат тарағанын білмейміз. Негізі жұмыстардың бәрі рет-ретімен орындалып келеді. Биыл бюджеттен қаражат бөлініп, ауыл ішіндегі барлық газ құрылысы бітті. Енді қазір абоненттік жұмыстар, оның ішінде, әр үйге газ тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Үш фирма келіп, қоғамдық тыңдау өткізіп, әр отбасымен жеке-жеке келісімшарт жасап жатыр", - дейді Жайсан ауылының әкімі Ержан Қасымшалов.
Ауылдағы газ құбырлары жерасты арқыла жүргізілген. Ақсеңгір ауылдық округінде 4 елді мекен, 5500 халық, мың жарым үй бар. Газ үш ауылға да тартылған.
"Қазіргі үш фирма газ тарту үшін әр үйден 200-250 мың теңгеден алғалы отыр. Кейбір кісілер үкімет үйге тегін кіргізіп берсе деп шағымданады. Жалпы Жайсандағы газ құбырының ұзындығы – 24 шақырым, соның 80%-і жерасты арқылы тартылған. Бәрі халықтың қауіпіздігі үшін жасалды. Ал Жайсанға наурыз айының соңында газ тартылады", - дейді Ержан Қасымшалов.