Өскемен көшелерінде электромобильдер көбейеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТүркия басшысы Режеп Тайып Эрдоған Қазақстан президентіне сыйлаған электромобиль
Түркия басшысы Режеп Тайып Эрдоған Қазақстан президентіне сыйлаған электромобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Жазылу
Өскеменде жалпы 140 мың көлік тіркелген
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында электромобильдермен жүруге жан-жақты жағдай жасалады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде қалада ауа-райын көліктер де ластап отыр. Өскеменде жалпы 140 мың көлік тіркелген.
“Ол көліктердің басым бөлігі экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Осыған байланысты электромобильдердің санын барынша көбейтуге жағдай жасауға шешім қабылдап отырмыз. Біздің мақсатымыз - қажетті инфрақұрылымды жасау. Сондай-ақ, бюджетте қаржының бір бөлігі субсидияға бөлінеді. Соның есебінен қаладағы орталық көшелерінде Алматы мен Астанада сияқты электробустарды шығару жоспарланған”,-деді Көшербаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде электромобильдерді қуаттау станцияларын орнататын компания анықталды. Станциялар қаланың ішінде және сыртында орнатылады.
ТЭЦ Бишкека - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Өскеменде жеке үйлер орталық жылу құбырына қосылады - облыс әкімі
Жаңалықтар
0