Қостанай облысындағы ауылда карантин енгізілді

© Пресс-служба акима Туркестанской областиТелята
Телята - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысындағы Новоселовка ауылында бруцеллездің өршуіне байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наша Газета" порталына сілтеме жасап.
Карантин "ИНСПЭК" ЖШС аймағында енгізіліп отыр. Ол жерде ірі қара малдың арасында бруцеллез анықталды.
"Осыған байланысты ЖШС аймағы арқылы жануарларды айдап өткізуге, сау малды кіргізуге, ол жерден малды шығаруға, жеп-шөп дайындауға, сондай-ақ, жануарлар мен адамдар көп жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынған", - делінген жергілікті әкімдіктің қаулысында.
Бруцеллез анықталған жерде қажетті ветеринарлық-санитарлық шаралар өткізіледі. Бірақ малды сою үшін шығаруға болады.
Айта кетері, бруцеллезбен ауратын малды санитарлық жолмен союға рұқсат берілген. Мәселен, былтыр Батыс Қазақстан облысында бруцеллезге шалдыққан 4 мыңнан астам ірі қара малдың еті өңделді. Ол үшін өтемақы да төленеді.
Ет комбинаттарына тапсырылатын ауру малдың еті арнайы өңдеуден өтеді. Жоғары температурада бруцеллез өледі. Ал еттен консерв пен шұжық жасалады. Ондайда шаруаға ақының 30 процентін бюджеттен өтесе, қалған 70 процентін ет комбинаты төлейді.
Коровы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Қостанай облысында малдан тағы бруцеллез анықталды
Жаңалықтар
0