Қостанай облысында малдан тағы бруцеллез анықталды

© Sputnik/Ляля ЛиловаКоровы
Коровы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Жазылу
Бұл – облыста қазан айының басынан бергі үшінші жағдай
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Қостанай облысында малдан бруцеллез анықталды. Бұл – облыста қазан айының басынан бергі үшінші жағдай. Бір айда ауру екінші рет Әулиекөл ауданында тіркелді, деп хабарлайды APK жаңалықтары ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округі Калинин ауылында ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізіліп жатыр.
Қостанай облысының ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаевтың айтуынша, өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты түрде қолайлы.
Қазіргі уақытта облыста ірі қара малдың бруцеллезіне 432 мың 617 басқа, ұсақ малдың бруцеллезіне 482 мың 851 басқа диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Қазір жануарларды жаппай өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысында төрт түлік мал белгісіз аурудан қырылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Оңтүстік Қазақстанда малдан бруцеллез анықталды
Жаңалықтар
0