18 жастағы сарбаз оқ жарақатынан көз жұмды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСрочная служба
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Сарыөзек гарнизонында мерзімді әскери қызметші оқ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында жауынгерлік дайындық бойынша далалық оқу-жаттығулар өткен. Сол кезде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер қарумен жұмыс істеу ережесін бұзып, оқ жарақатынан қаза тапты.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жүр.
"Сарбаз әскери қызмет кезінде өзін оң жағынан көрсете білді. Әскери бөлім қолбасшылығына қандайда бір арыз, шағым айтқан емес. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындады. Ата-ана мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине жақсы түсінеміз, олардың қайғыларына ортақпыз. Әр командир үшін де жауынгердің қазасы қайғы болып табылады", - делінген ресми хабарламада.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.
Фасад здания министерства обороны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Сарбаз комаға түсті: Қорғаныс министрлігі не жағдай болғанын түсіндірді
Жаңалықтар
0