Сарбаз комаға түсті: Қорғаныс министрлігі не жағдай болғанын түсіндірді

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаФасад здания министерства обороны
Фасад здания министерства обороны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
Іс министрдің ерекше бақылауында, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс ведомствосы
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен сарбаздың қал-жағдайы туралы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше 9 маусымда Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл жатқызылған.
Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген.
"Медициналық тексерулер мен зерттеулер әскери қызметшіден екіжақты полисегментті пневмония анықтады. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге ол жерде Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе зақымдану іздері болмағанын атап өту керек.
"Мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты келісімшарт бойынша әскери қызметші тарапынан билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тексеру жүргізілуде", - деп атап өтті ведомство.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді. Іс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ерекше бақылауында.
Бұған дейін президент Тоқаев қорғаныс министріне тергеуді бақылауға алуды тапсырған болатын.
Касым-Жомарт Токаев провел совещание по развитию туризма - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
"Мұндай жағдайға жол бермеу қажет": Тоқаев қорғаныс министріне ескерту жасады
Жаңалықтар
0