https://sputnik.kz/20250116/qazaqstanda-su-sharuashylygy-nysandaryn-damytu-boyynsha-137-zhoba-iske-asyryluda-50002070.html
Қазақстанда су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Қазақстанда су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы еліміздің су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыра... 16.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-16T09:13+0500
2025-01-16T09:13+0500
2025-01-16T09:13+0500
су
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45231442_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_98e0c709f705a379f90949add7e649a8.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы еліміздің су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыра бастады. Сондай-ақ, 201 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Атап айтқанда, 700 мың гектардан астам суармалы жерді қалпына келтіру және жақсарту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 7000 шақырым канал салу және реконструкциялау жұмысы жүргізілуде."Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай жүргізілуде. Бұдан бөлек, аталған құжаттарда өнімсіз шығындарды азайту және қосымша су көлемін жинау бойынша да көптеген іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, 2024 жылы Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Түркістан облысындағы Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылысы, сондай-ақ Қапшағай және Киров су қоймаларын реконструкциялау басталды", – деді су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.
https://sputnik.kz/20241223/su-qoymalaryna-75-mlrd-tekshe-metrden-astam-su-zhinaldy-49482646.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45231442_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_05181fdbf74e23c874b123751fc64327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су
Қазақстанда су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
АСТАНА, 16 қаңтар - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы еліміздің су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыра бастады. Сондай-ақ, 201 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 700 мың гектардан астам суармалы жерді қалпына келтіру және жақсарту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 7000 шақырым канал салу және реконструкциялау жұмысы жүргізілуде.
"Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай жүргізілуде. Бұдан бөлек, аталған құжаттарда өнімсіз шығындарды азайту және қосымша су көлемін жинау бойынша да көптеген іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, 2024 жылы Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Түркістан облысындағы Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылысы, сондай-ақ Қапшағай және Киров су қоймаларын реконструкциялау басталды", – деді су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.