Су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуПлотина
Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Жазылу
Алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су келді
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын су, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Каспий теңізіне 17 млрд текше метр, Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр және Солтүстік Аралға 2,5 млрд текше метр су жіберілді.
"Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады", - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 4,7 млрд текше метрден астам, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді.
Алғаш рет Ұлытау облысынан Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су келді.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Су тасқыны: Ақмола облысында баспана алуға бөлінген қаржыны ұрлағандар ұсталды
Жаңалықтар
0