Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО-ны нығайтып, Украинаның бостандығын сақтап қалдық - Байден

© AFP 2024 / JIM WATSONДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар— Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден халықпен қоштасу сөзінде НАТО-ны нығайтып, Украинаның бостандығын сақтай алғанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
“Шетелде біз НАТО-ны нығайттық, ал Украина еркін болып қала берді”, - деді ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде Американың басқарған кездегі өзінің жетістіктерін тізбелеп.
Джо Байден АҚШ-та жалған ақпарат көп таралып датқанына алаңдаушылық білдірді.
“Америкалықтар билікті теріс пайдалануды күшейтетін жалған ақпарат легінде кетіп барады. Еркін бұқаралық ақпарат құралдары құлдырап жатыр. Әлеуметтік желі ақпараттың шын-өтірігін тексеруден бас тартып, билік пен пайда үшін шындықты бүркемелеп жатыр”, - деді ол.
Байден “балаларды, отбасыларды және демократияны қорғау” үшін америкалықтар әлеуметтік платформаларды жауапкершілікке шақыруға міндетті екенін айтты.
Дегенмен, Байден өз сөзінде Ресейге қатысты бірде-бір мәлімдеме айтпады.
Қазақстанға қоныс аударға ресейліктер және украиндар - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина босқындар елге өз еркімен орала алатынын жариялады
Жаңалықтар
0