Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина босқындар елге өз еркімен орала алатынын жариялады

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстанға қоныс аударға ресейліктер және украиндар
Қазақстанға қоныс аударға ресейліктер және украиндар - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Жазылу
Желтоқсан айының басында Украинаның министрлер кабинеті реинтеграция министрлігін ұлттық бірлік министрлігі деп өзгертілді
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Украиналық босқындар шетелден елге өз еркімен орала алады, оларға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды, деп хабарлады Ұлттық бірлік министрлігінің басшысы Алексей Чернышов. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль желтоқсан айының басында Украинаның министрлер кабинеті реинтеграция министрлігін ұлттық бірлік министрлігі деп өзгерткенін және ведомство басшысы болып Алексей Чернышов тағайындалғанын хабарлады. Владимир Зеленскийдің стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Александр Камышин кейінірек Украинаның ұлттық бірлік министрлігі 2025 жылдың басында украиндарды шетелден қайтару бағдарламасын іске қосатынын айтты.
"Біз украиндарды үйлеріне қайтару процесін іске қостық. Мен қайтару процесі ерікті екенін, ешқандай мәжбүрлеу шаралары болмайтынын бірден айтқым келеді", - деп келтіреді украиналық Strana.ua басылымы Чернышовтың сөзін.
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді, келесі күні Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Әскери жағдай кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан кетуіне тыйым салынды. Мобилизациялау кезінде әскери қызметтен жалтарғаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2023
Әлем
Газа секторындағы босқындар лагеріне жасалған соққыдан ондаған адам қаза тапты – БАҚ
Жаңалықтар
0