https://sputnik.kz/20250110/sot-ncoc-khalyqaralyq-konsortsiumynan-66-million-dollar-ondiru-turaly-sheshim-shygardy-49885837.html
Сот NCOC халықаралық консорциумынан 6,6 миллион доллар өндіру туралы шешім шығарды
Сот NCOC халықаралық консорциумынан 6,6 миллион доллар өндіру туралы шешім шығарды
Sputnik Қазақстан
Инвестор Қазақстан экологиясына келтірілген шығынды төлеуге міндеттелді 10.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-10T16:32+0500
2025-01-10T16:32+0500
2025-01-10T16:32+0500
мұнай
сот
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Астанада Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндіру бойынша батыс инвесторларының консорциумына қатысты сот процесі аяқталды.Сот Қашағандағы мұнай-газ кен орнын игеру бойынша Солтүстік Каспий жобасының операторы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясын Қазақстанның энергетика министрлігіне қарасты Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс өңіраралық басқармасының талап арызы бойынша 3,5 миллиард теңге (6,6 миллион доллар) төлеуге міндеттеді.Мұнай өндіруден алынған шикі ілеспе газды алауда жағудың көптеген фактісі талап арызға себеп болды. Энергетика министрлігі мұндай жағдайларды тіркеп, тексеріп, газды алауда өртеудің адам өміріне, денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін төтенше жағдаймен әркез байланысты еместігін мәлімдеді.NCOC өкілдері бұл талапты Қазақстанның өкілеттігінде қарау мүмкін емес және іс тек халықаралық арбитражда өтуі керек деп есептеді. Бұған 1997 жылы шетелдік инвесторлар мен Қазақстан арасында жасалған Солтүстік Каспий теңізі бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің ережелері негіз болды.Дегенмен, Астана экономикалық соты талап арызды қабылдап, тексеру нәтижесін жан-жақты зерттеді. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды алауда бірнеше рет жағу фактілері анықталды және расталды.Ұлттық заңнаманың өрескел бұзылуы анықталғандықтан, істі қалыпты сот өндірісі аясында қарау туралы шешім қабылданды.10 қаңтарда сот энергетика министрлігінің шығынды өтеу туралы талап арызын қанағаттандырды."Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалынан мемлекетке 726 998 611 және 2 823 549 395 теңге өтемақы және 73 840 000 теңге мемлекеттік баж өндірілсін", - делінген сот шешімінің қысқаша мәтінінде.Сонымен бірге, заң бойынша NCOC бұл шешімге шағымдана алады.
https://sputnik.kz/20250105/resey-qazaqstanga-bazh-salygynsyz-munay-onimderin-zhetkizedi-49755124.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, сот
Сот NCOC халықаралық консорциумынан 6,6 миллион доллар өндіру туралы шешім шығарды
Инвестор Қазақстан экологиясына келтірілген шығынды төлеуге міндеттелді
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Астанада Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндіру бойынша батыс инвесторларының консорциумына қатысты сот процесі аяқталды.
Сот Қашағандағы мұнай-газ кен орнын игеру бойынша Солтүстік Каспий жобасының операторы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясын Қазақстанның энергетика министрлігіне қарасты Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс өңіраралық басқармасының талап арызы бойынша 3,5 миллиард теңге (6,6 миллион доллар) төлеуге міндеттеді.
Мұнай өндіруден алынған шикі ілеспе газды алауда жағудың көптеген фактісі талап арызға себеп болды. Энергетика министрлігі мұндай жағдайларды тіркеп, тексеріп, газды алауда өртеудің адам өміріне, денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін төтенше жағдаймен әркез байланысты еместігін мәлімдеді.
NCOC өкілдері бұл талапты Қазақстанның өкілеттігінде қарау мүмкін емес және іс тек халықаралық арбитражда өтуі керек деп есептеді. Бұған 1997 жылы шетелдік инвесторлар мен Қазақстан арасында жасалған Солтүстік Каспий теңізі бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің ережелері негіз болды.
Дегенмен, Астана экономикалық соты талап арызды қабылдап, тексеру нәтижесін жан-жақты зерттеді. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды алауда бірнеше рет жағу фактілері анықталды және расталды.
Ұлттық заңнаманың өрескел бұзылуы анықталғандықтан, істі қалыпты сот өндірісі аясында қарау туралы шешім қабылданды.
10 қаңтарда сот энергетика министрлігінің шығынды өтеу туралы талап арызын қанағаттандырды.
"Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалынан мемлекетке 726 998 611 және 2 823 549 395 теңге өтемақы және 73 840 000 теңге мемлекеттік баж өндірілсін", - делінген сот шешімінің қысқаша мәтінінде.
Сонымен бірге, заң бойынша NCOC бұл шешімге шағымдана алады.