Ресей Қазақстанға баж салығынсыз мұнай өнімдерін жеткізеді

© PhotoАтырауский нефтеперерабатывающий завод
Атырауский нефтеперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 қаңтар - Sputnik. Өткен жылы Ресей Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді қайта жандандыруды қолға алды. Келісім шеңберінде Ресей мұнай өнімдерін Қазақстанға бажсыз жеткізу, және оның уақытын 2028 жылдың қаңтарына дейін ұзарту жоспарланған.
2024 жылдың соңғы күндері Ресей Қазақстанға биыл 1,12 миллион тонна мұнай өнімдерін бажсыз жеткізуге квоталарды ұзартты. Олардың ішінде 285 мың тонна бензин:
АИ-92 - 240 мың тонна,
АИ-95 - 40 мың тонна
АИ-98 5 мың тонна
дизель отыны - 450 мың тонна және авиакеросин - 300 мың тонна бар.
Бұл туралы Reuters хабарлады. Сондай-ақ ЕАЭО шегінен тыс "Конденсат" мұнай өңдеу зауытымен АИ-92 және АИ-95 маркалы 225 мың тонна бензиннің экспорты келісілді. Қазақстанның қалған өндірушілері үшін мұнай өнімдерінің экспортына шектеулер сақталады.
Атырауский нефтеперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
Ресей бензин экспортына енгізілген уақытша тыйымның мерзімін ұзартты
Жаңалықтар
0