Бұршақтың астында қалған көліктің иесі өтемақысын өндіріп алды

© Sputnik / Санат ИмангалиевИюньский ливень с градом в Астане
Июньский ливень с градом в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Астанада бұршақтың астында қалған көліктің иесі техникалық қызмет көрсету орталығынан өтемақысын өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ер адам өз көлігін техникалық қызмет көрсету орталығына тапсырып кеткен. Сол кезде қатты бұршақ жауған. Соның салдарынан орталық аумағында тұрған көлікке аса ірі мөлшерде зақым келді. Ал иесі көп ойланбай, техникалық орталықты сотқа беріп, 2 936 000 теңгені талап етті. Себебі жөндеуге түпнұсқа бөлшектерді пайдалану қажет. Ал жөндеуді ресми қызмет көрсету орталығы жасайды.
ТҚК өкілі сотта автокөліктің орталық аумағында болғанын растады. Бірақ көлік күтпеген жағдайда зақымдалды. Сол күні шекті нормадан асып кеткен бұршақ жауды.
Азаматтық кодекстің 917-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен келтiрiлген зиянды оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. Ал техникалық қызмет көрсету орталының мамандарды автокөлікті қолайсыз ауа-райынан тиісті қорғауды қамтамасыз етпеген. Осылайша, өз міндеттерін дұрыс орындамаған.
Сот көлік иесінің талабын қанағаттандырды. ТҚК оған 2,9 млн теңгенің материалдық шығынын өтеп беруге тиіс. Үкім заңды күшіне енді.
Для добрых сердцем. 8 волонтерских организаций в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Қазақстанда еріктілерді сақтандыру жүйесі енгізіледі
Жаңалықтар
0